Бас көлік прокуратурасы Air Astana мен Fly Arystan қызметін тексеруді талап етті

356

Естеріңізге салсақ, Ренат Абулханов FlyArystan компаниясының Бағдар желілерін жоспарлау және кірістерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарған.

Бас көлік прокуратурасы Air Astana мен Fly Arystan қызметін тексеруді талап етті Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

FlyArystan компаниясының бұрынғы қызметкері Ренат Абулханов Air Astana топ-менеджерлерінің мүддесіне әуе билеттерін жеңілдікпен сатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оған әуе компаниясының қаражатын талан-таражға салды деген айып тағылып, тергеуге алынған.

Күні кеше Абулхановтың досы Бекзат Құлманов Ренаттың атынан үндеу хат жариялады. Хатта оның компания басшыларының тапсырмасымен әуе билеттерін жеңілдікпен рәсімдегені айтылады. 

– Бұл өтінімдер маған компаниялардың топ-менеджерлерінен келді. Онда олар өздері, туған-туыстары мен түрлі "қажетті" адамдар үшін өтініш жасады. Сотта куәгер Air Astana Ақ президентінің жұбайына, оның әпкесі мен анасына арзан тарифпен билеттер жазып бергенін нақты айтты. Air Astana АҚ бас бухгалтері де сотта компания топ-менеджерлерінің мұндай өтінішпен маған жүгінетінін, өзі де жүгінгенін мойындады, – делінген хатта.

Осы орайда Air Astana үкім шықпайынша сот прцесінің материалдарына пікір білдіре алмайтындықтарын мәлімдеді. Ал Бас көлік прокуратурасы әлеуметтік желіде тараған ақпараттан хабардар болып шықты.

– Жарияланымда әуе компаниясы басшылығының нұсқауымен топ-мпенеджерлердің туыстары мен өзге де тұлғаларға жеңілдікті әуе билеттерін сату туралы мәліметтер бар. Аталған тұжырымды тексеру мақсатында Бас көлік прокуратурасы Азаматтық авиация комитетіне Air Astana мен Fly Arystan қызметіне тексеру жүргізу туралы талап жолдады, – деп атап өтті ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу