Бас көлік прокуратурасы: Жүк тасымалдаушылардың Қытаймен шекарадағы мәселесі шешімін табуда

612

Бас көлік прокуратурасы құзырлы орган өкілдерінен құралған ведомствоаралық жұмыс тобын құрды.

Бас көлік прокуратурасы: Жүк тасымалдаушылардың Қытаймен шекарадағы мәселесі шешімін табуда Фото: tengrinews.kz

24-31 наурыз күндері жұмыс тобы "Нұр Жолы" өткізу пунктінде жүк тасымалдаушылармен кездесті, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, шекара маңындағы дүрбелең "E-border" бағдарламасы жұмыс алгоритмінің жетіксіздігінен орын алған.

Жұмыс тобының ұсынысымен кезектен 2000 жуық автокөлік алынып тасталды. "E-border" бойынша тізімді пайдалануды биылғы 16 сәуірден тоқтату туралы шешім қабылданды.

"CarGoRuqsat" жаңа электрондық кезек жүйесінде бұл олқылықтар ішкі істер органдарының дерекқорларымен интеграциялау арқылы ескерілді. Бұл кезектілікпен байланысты алыпсатарлық жасау мүмкіндігін жояды. 

Сондай-ақ, өткізу пунктінің аумағында қалдырып кеткен 80-ге жуық ауыр жүк көліктері болды. Олардың жүргізушілері тасымалдау қызметтерінің құнын жасанды түрде қымбаттату үшін қасақана ұзақ уақыт бойы ҚХР-на шығуды кешіктірді.

Жүргізушілердің ҚХР-на виза алудың қиындығына қатысты шағымдары бойынша Сыртқы істер министрлігіне ұсыныстар берілді.

"Бұдан бөлек жүктерді тасымалдауға халықаралық рұқсат алуда қиындықтар болған. Бас көлік прокуратурасының бастамасымен рұқсатты тікелей өткізу пунктінде беруді, сондай-ақ жүк тасымалдаушылар үшін артық талаптарды алып тастауды көздейтін ИИДМ мен МКК бірлескен бұйрыққа қол қойды", - делінген Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу