Бас көлік прокуроры тағайындалды

1481

Бұл қызметке Ернат Сыбанқұлов келді.

Бас көлік прокуроры тағайындалды

Мемлекет басшысының келісімі бойынша бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтың 10 сәуірдегі бұйрығымен Ернат Сыбанқұлов бас көлік прокуроры болып тағайындалды.

Ернат Сыбанқұлов 1973 жылы туған. Прокуратура органдарындағы қызметін 1995 жылы Алматы қаласы Мәскеу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастады. Бұдан кейін Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы Түрксіб, Медеу аудандары прокурорының орынбасары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының, Алматы қаласы Алмалы, Медеу аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болып істеді. 2012-2017 жылдары Жамбыл облыстық прокуратурасын басқарды. 2017 жылдың тамызынан бастап Атырау облысының прокуроры. Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 23 жылдан астам. Сыныптық шені – 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. II дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталған.

Сондай-ақ Халидулла Дауешов Атырау облысына, Нұрлан Бижанов Қызылорда облысына прокурор болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу