Оған сәйкес, "Ashyq" жобасы енгізілетін кәсіпкерлік нысандары қатары артты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде мынадай кәсіпкерлік нысандарда "Ashyq" жобасын іске асыру жүзеге асырылады:
-йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары, спа-орталықтары; сауналар, бассейндер;
- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; боулинг клубтары; кинотеатрлар; театрлар мен филармониялар; концерт залдары;
- асхана үлгісіндегі нысандар, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
- облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
- бильярд клубтары;
- ерікті қатысушылар; караоке; көрмелер; океанариум; марафондар; көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы; Алматы қаласының әуежайы;
- 2021 жылғы 31 мамырдан бастап Шымкент және Түркістан қалаларының және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;
- лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.