Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер жаңа қаулы жариялады

861

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстан Республикасы халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жаңа карантиндік қаулыға қол қойды.  

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер жаңа қаулы жариялады

Жаңа құжатта йога және спа орталықтары, фитнес-клубтары, монша, сауна, бассейн, компьютерлік клубтар, боулинг, бильярд, караоке, көрме, театр сынды нысандарға "Ashyq" жобасын енгізу және іске асыру жалғасатыны жазылған. Қоса беріліп отырған:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес, "Ashyq" жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі;

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес, "Ashyq" жобасын енгізу және "қызыл" мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі;

3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес, ереже бұзған қатысушыларды "Ashyq" жобасынан шығару алгоритмі;

4. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес, "Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары бекітіледі.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне объектілерде енгізу кезінде "Ashyq" жобасын техникалық қолдау жүктелген.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдайды және:

1) Осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, объектілерде "Ashyq" жобасын енгізуді;

2) Осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, жобаны іске асыруға қатысатын объектілердің тізбесін айқындауды;

3) Халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін "Ashyq" мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуге міндеттеледі. "Ashyq" жобасына қатысушылар:

1) Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес, "Ashyq" жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

2) Өңір "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа немесе "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа ауысқан кезде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтауды жалғастырады;

3) Осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

"Ashyq" жобасын енгізу туралы" ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы №7 қаулысының күші жойылды деп саналады.

Қаулының толық нұсқасын ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтынан оқуға болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу