Бас мүфти 30 имамды Түркияға оқуға шығарып салды

780

Бас мүфти 30 имамды Түркияға оқуға шығарып салды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы 30 имамды Түркияның Болу қаласына оқуға шығарып салды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Қазақстанның дін қызметкерлері Болу қаласында имамдардың білімін жетілдіру орталығындағы 2 айлық курста дәріс тыңдайды.

Айта кетейік, еліміздің имамдарын Түркияда оқыту жұмысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия Дін істері басқармасының ортақ келісімі аясында жүзеге асады. Қазақстан имамдары 2002 жылдан бастап Түркияда 2 айлық арнайы курстан өтіп, білімін жетілдіріп келеді.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы имамдарға сәт-сапар тілеп, сөз соңында: "Әрбір сәттеріңізді ғылымға арнаңыздар. Уақытты дұрыс пайдаланып, тәжірибе жинақтап келіңіздер. Елге келгенде білім мен тәжірибелеріңізді асыл дініміздің өркендеуіне жұмсайсыздар. Сондықтан, әуелі сабаққа ден қойып, ұстазды мұқият тыңдаңыздар", – деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу