Бас мүфти Алматыда қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына барды

1006

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына барып, көңіл айтты, деп хабарлайды мүфтияттың баспасөз қызметі.  

Бас мүфти Алматыда қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына барды

Бас мүфти қаралы үйге барып, марқұмдарға құран бағыштады. Марқұмдардың туған-туыстарын сабырға шақырды.

"Қазақ мұндайда "тас түскен жеріне ауыр" деген. Әрине ет жақыныңнан айырылу оңай емес. Сіздерге Алладан көркем сабыр тілейміз. Қасиетті Құранда қиындықтан соң, бір жақсылықтың келетіні айтылған. Сынаққа сынбай, сабыр етсеңіздер, Жаратқанның пендесіне берер сыйы мол. Алла Тағала марқұмдардың жанын жәннаттық етсін", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу