Бас мүфти ауызашардың орнына қандай қайырлы іс жасауға болатынын айтты

880

Наурызбай қажы Тағанұлы ауызашар беруді уақытша тоқтатуға шақырды.       

Бас мүфти ауызашардың орнына қандай қайырлы іс жасауға болатынын айтты

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұқпалы індеттің таралуын алдын алу мақсатында мешіттерде, дәмханаларда, қоғамдық орындарда, тағы басқа мекемелерде жиналып ауызашар беруді уақытша тоқтатуға шақырды. 

"Індеттің таралуын алдын алу мақсатында мешіттерде, дәмханаларда, қоғамдық орындарда тағы басқа мекемелерде жиналып ауызашар беруді уақытша тоқтатуға шақырамын. Сондықтан карантин күндері әркім өз шаңырағында отбасы мүшелерімен ауызашар өткізуге, көпшілік орындарда жиналмауға үндейміз", – деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы. 

Бұдан бөлек Бас мүфти  ораза ұстаған адамдарға ауызашар бергісі келетіндерге басқа шаралар ұсынды. 

"Қазіргі жағдайға қарай ораза ұстаған адамдарға ауызашар беруде мынадай қайырлы амалдарды жүзеге асыруға шақырамыз: мейрамханаларға тапсырыс беріп, аузы берік адамдарға тамақ тарату, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік тарату арқылы ауыз аштыру, ауызашарға жұмсалатын шығындарды ораза ұстаған адамдарға қаржылай беру", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу