Бас мүфти халықты сабырға шақырды

1018

Дін өкілі қылмыскерлер заң аясында жазаланатынына сенім білдірді.

Бас мүфти халықты сабырға шақырды

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сәтбаев қаласындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Кеше қабырғамызды қайыстыратын, жанымызға бататын жағдай жөнінде естідік. Осы тұста, құрметті халайық, біз барынша сабырлық танытайық. Біз – құқықтық мемлекетпіз. Қылмыскерлер міндетті түрде жазасын заң аясында алады. Тек бұл кезде тәртіп сақтамай, байқамай кішкентай жағдайды үлкенге айналдырып алмайық, құрметті ағайын. Осы тұста құқық қорғау органдарына осы мәселені ашық қарап, халыққа шынайы ақпарат береді деген үміттеміз. Алла баршамыздың тілегімізді қабыл етсін", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Естеріңізге салайық, кеше Сәтбаев қаласында 5 жасар қыз бала жоғалды. Кейін бүлдіршіннің зорланғаны туралы ақпарат тарады. Бүгін осыған қатысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеме жасап, күдікті қамауға алынғанын айтты. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу