Бас мүфти қаңтар оқиғасында қаза тапқан Ержановтың жақындарына көңіл айтты

925

Бас мүфти Талдықорған қаласындағы қаңтар оқиғасында қаза тапқан тергеу изоляторының қызметкерінің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Бас мүфти қаңтар оқиғасында қаза тапқан Ержановтың жақындарына көңіл айтты

Жаппай тәртіпсіздік кезінде қызметтік міндеттерін атқару үстінде қаза тапқан әділет прапорщигі Ербол Төлеубекұлы Ержановтың жақындарына көңіл айту үшін арнайы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы келді.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/16 тергеу изоляторының қаза болған қызметкері Ербол Ержанов ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет атқарды. Ол жас қызметкерлерге тәлімгер болып, екі баланы тәрбиелеп отырған кәсіби, адал қызметкер ретінде көпке үлгі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу