Бас мүфти "қара жұманы" "жомарт жұма" деп өзгертуді ұсынды

1085

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды көпшілік орындарында жазылған "қара жұма" сөзін "жомарт жұма" деп өзгертуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМДБ сайтына сілтеме жасап. 

Бас мүфти "қара жұманы" "жомарт жұма" деп өзгертуді ұсынды

"Кейінгі жылдары жұртты жаппай саудаға тартудың әдісі ретінде қолданылып жүрген "қара жұма" сөзі қоғамда талқыға түсуде. Дініміз бен дәстүрімізде бар "жұма" сөзі қасиетті, қастерлі ұғымды білдіреді. Мен осы ретте еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды "қара жұма" сөзін "жомарт жұма" деп өзгертуге шақырамын.

"Жомарт жұма" – жүрекке жылы тиетін, халқымыздың ұғымына да сай келетін сөз. Мұсылман қауымы үшін жұма қасиетті күн болғандықтан, "қара жұманы" "жомарт жұма" деп өзгертсек, бұл – Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ. Осылайша, кәсіпкер азаматтарымыз ізгі ниетінің нәтижесінде "жомарт жұма" акциясы аясында қаншама жанның алғысына бөленер еді", – деп жазылған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу