Бас мүфти: Қасапхананың ортақ жобасын дайындап шығуды тапсырамын

563

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ірі қалаларда қасапхана салу жөнінде тапсырма берді, деп жазады inbusiness.kz ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бас мүфти: Қасапхананың ортақ жобасын дайындап шығуды тапсырамын

"Құрметті бас имамдар! Біз осымен тоқтап қалмай, жұмыстарымызды одан әрі жетілдіру бағытында жұмыстануымыз керек. Алдағы құрбан айт мерекелерінде мал сою жағынан қиындықтар туындамауы үшін ҚМДБ өкілдіктеріне қарасты қасапханалар болуы керек деген шешімге келдім. Өздеріңізге 2022 жылдың соңына дейін өңіріңізден жаңадан салынатын қасапханаға арналған жер мәселесін шешулеріңізді және ҚМДБ "Уақып қоры" мен "Халал даму" мекемесіне еліміз бойынша халал стандарттарына сай келетін қасапхананың ортақ жобасын дайындап шығуды тапсырамын", – деп мәлімдеді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Бас мүфти, қасапхана салу

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу