Бас мүфти қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

1455

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айлардың төресі – Рамазанның аяқталып, Ораза айттың келуімен барша қауымды құттықтады, деп хабарлайды Atameken Business.  

 Бас мүфти қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Биыл мұсылманның 5 парызының бірі - ораза ұстау 12 сәуір мен 13 мамыр аралығына түскен. Ертең таң сәріден елдің барлық аймағында айт намазы оқылады. Биыл Бас санитардың қаулысына сәйкес, жамағаттың мешітке келіп, намаз оқуға рұқсат етілген. Бірақ қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы үшін іште емес, барлық рәсім сыртта жасалуы тиіс. Қазақстан мұсылмандар діни басқарамасының мынадай талаптардың да сақтауға кеңес беруде. Яғни, міндетті маска тағуға, кәмілет жасына толмаған баланы намазға алып келмеуге, мешітке келген азаматтар бір-бірімен қол алысып амандаспауға, ең бастысы – жұрт намаздан кейін бірден үйлеріне тарқауы шарт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу