Бас мүфти көңіл айтты

1317

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы белгілі дінтанушы, шығыстанушы, исламтанушы ғалым, Әбсаттар қажы Дербісәлінің өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақ екенін жеткізді, хабарлайды inbusiness.kz.  

Бас мүфти көңіл айтты

"Бүгін таңертең Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасын 10 жылдан астам уақыт басқарған дін қайраткері, академик, көрнекті ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің қайтыс болғаны туралы хабар жетті. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, барша мұсылман қауымына тағы да көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқасын, иманы саламат болғай", – деді бас мүфти орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.  

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу