Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады

317

Құрбан айттың негізгі мақсаты – мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағатты қалыптастыру, деп атап өтті ҚМДБ төрағасы. 

Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады Фото: muftyat.kz

Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге үндеу жасап, мал бағасын орынсыз көтермеуге, азық-түлік бағасын түсіруге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз қашан да өзгелерге қайырымдылық жасап, айналамызға шуағымызды төгіп, үлкендердің алғысы мен батасын алып, өсіп-өнген елміз. Осы ретте еліміздегі барша кәсіпкер азаматтарды Құрбан айттың құрметіне мал құнын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға, жұртымыз күнде тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасауға шақырамын. Құрбан айтты атап өтудің негізгі мақсаты – мұсылмандар арасында өзара мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Алланың рақым нұры төгілетін берекелі сәттерде халқымызға жақсылық жасап, көпшіліктің ризашылығына бөленейік", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу