Бас мүфти Серікбай қажы Ораз сауапты іс-шараларға атсалысуға шақырады

1356

Бас мүфти барша халықты Құрбан айтпен құттықтап, әр отбасыға амандық, мықты саулық, мол ырыс пен бақ-береке тіледі.

 Бас мүфти Серікбай қажы Ораз сауапты іс-шараларға атсалысуға шақырады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз мұсылмандардың мерекесі Құрбан айтпен құттықтады, деп хабарлайды muftyat.kz.

Бас мүфти барша халықты Құрбан айтпен құттықтап, әр отбасыға амандық, мықты саулық, мол ырыс пен бақ-береке тіледі.

"Біздің халқымыз бұл мейрамды сан ғасырдан бері ерекше қадірлеп, айрықша атап өткен. Айтулы мейрамда ағайын-жұрт бір-біріне "құрбан айт құтты болсын, айт қабыл болсын" айтып, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін арнаған. Көрші мен туысқанға айттап бару, қадірлі қонаққа айттық беріп, үлкеннің алғысы мен батасын алу – сонау заманнан жалғасып келе жатқан мұсылмандық дәстүріміз. Аллаға шүкір, салтынан жаңылмаған жұртымыз тәуелсіздік жылдарында айтты тойлау дәстүрін қайта жаңғыртып, оны халықтық деңгейде атап өтуге мүмкіндік алды", - дейді бас мүфти бүгінгі құттықтауында.

Бас мүфти Құрбан айттың кешірім мен мейірімнің, қанағат пен қайырымдылықтың мерекесі екенін айтады. Осы ретте барша халықты ел игілігі үшін жасалатын қайырымдылық акциялары мен сауапты іс-шараларға атсалысуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу