Бас прокуратура: 113 педофил қамалды

1017

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында мемлекеттік бюджетке 11 млрд теңгеден астам қаражат өтелді. 405 мың жұмыскердің пайдасына 3,4 млрд теңге жалақы берешегі өндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура: 113 педофил қамалды

Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің төрағалығымен кеңейтілген алқа отырысында прокуратура органдарының 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы қорытындыланды. Осы уақыт аралығында мобильдік топтар 70 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын бұзудың жолын кесіп, 26 млн теңгеден астам сомаға 29 мың әкімшілік өндірістің күшін жойыпты.

Қылмыстық заңнаманы қатаңдату нәтижесінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін бас бостандығынан айырылғандардың саны 106-дан 473-ке дейін, яғни 4,5 есеге ұлғайған, кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету істері бойынша барлық 113 педофил түзеу мекемелеріне қамалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу