Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде 20 бейбіт адамның қаза тапқанын растайды

1231

Бас прокурор Берік Асылов мәжіліс депутаттарының алдында қаңтар оқиғасы туралы сәл кеңірек баяндады. 

Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде 20 бейбіт адамның қаза тапқанын растайды

Көбіне бұрынғы мәліметтерді келтірді. Берген уәдесін әлі орындаған жоқ. 

Бірақ 230 адам көз жұмғанын мәлімдеді (бұған дейін барлығы 227 адам қаза тапты деп айтылып келген).

"Атыс кезінде кездейсоқ опат болған 20 азамат туралы нақты білеміз", – деді ол.

"Қазақ тапқандардың көбі Алматы қаласында – 139 адам. Әкімшілік ғимараттардың шабуылына тойтарыс беру кезінде және құқық тәртібін жүргізу барысында 86 шабуылшының көзі жойылды. 53 қайтыс болған адам бойынша өлімнің мән-жайы анықталып жатыр. Олар қала аумағында табылған. 48-іне оқ тиген, екеуі пышақтан жараланған, үшеуінде әртүрлі жара және күйік болған", – дейді Асылов.

Оның айтуынша, құқық қорғаушылар басқа жеті өңірде 68 "шабуылдаушының" "көзін жойған". 

"Атыс кезінде кездейсоқ опат болған 20 азамат туралы нақты білеміз. Оның 11-і Алматы қаласында, 8-і Алматы облысында және біреуі Тараз қаласында. Олардың ішінде өрттен, бүлікшілердің қолынан қаза тапқандар және блок-бекеттерде әскери талаптарға бағынбағандар бар", – дейді Асылов.

Оның айтуынша, тергеу әлі жалғасып жатыр. Екі айдан астам уақыт өтті. Бірақ күрделі оқиғаның мән-жайын толық анықтауға бұл уақыт "әлі аз".

Айта кетейік, құқық қорғаушылар "ескертусіз оқ ату туралы бұйрық берілгеннен кейін бейбіт азаматтар қаза тапты" деп есептейді және осы бұйрықты бергендерді айыптайды.

Құқық қорғаушылар өз бетінше қаза тапқандардың тізімін жинақтай бастаған.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу