Бас прокуратура: Әбілязов Қазақстаннан 7,5 млрд доллар ұрлаған

1106

Елімізде экстремистік ұйым деп танылған Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысының жетекшісі ұрланған қаражаттарға акциялар, элиталы үйлер мен пәтерлер сатып алған.

Бас прокуратура: Әбілязов Қазақстаннан 7,5 млрд доллар ұрлаған

Мұхтар Әбілязов елімізден оффшорлық мемлекеттер арқылы 7,5 млрд доллар жымқырған. Бүгін брифинг өткізген Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Петерс көпшілікті қоғамға іріткі салып жүрген қылмыскердің арандатушы әрекеттерінен сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Atameken Business.

Елімізде экстремистік ұйым деп танылған Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысының жетекшісі ұрланған қаражаттарға акциялар, элиталы үйлер мен пәтерлер сатып алған. Тіпті отбасы мүшелері үшін 3 ұшақ сатып алып, олардың пайдаланылуына банктен жылына 1 млрд теңге жұмсап отырған.

Әблязовтың алаяқтық әрекеттерінен қазақстандықтар ғана емес, француздар, немістер, америкалықтар да зардап шегуде. Бүгінде экс-банкирді Қазақстаннан бөлек, Ресей мен Украина мемлекеттері де қайтара алмай отыр.  

"Өткен жылы Нью-Йорк соты Әбілязовтың "саяси қудалаудамын" деген уәжін теріске шығарып, оны айыпты деп таныды. Лондонның Жоғарғы соты Әбілязовты алаяқ деп танып, одан 4 млрд АҚШ долларын өндіруге, жалған жауап бергені үшін 22 айға бас бостандығынан айыруға үкім кескен. Англия Ішкі істер министрлігі оны "босқын" мәртебесінен айырған соң, ол Францияға қашып кеткен. Сол жерде, ол өзін Қазақстан билігімен қудалауда жүрген саяси қайраткер кейпінде танытып, демократия үшін күресуші ретінде имидж қалыптастыра бастады",– дейді Оксана Петерс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу