Бас прокуратура: Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарудың мүмкіндіктері бар

748

Өкілетті орган бұл іске араласуы үшін сот үкімі күшіне еніп, сотталушы шағым түсіруі керек. 

Бас прокуратура: Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарудың мүмкіндіктері бар

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов БАҚ өкілдеріне Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарудың мүмкіндіктері туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, Қытаймен арада заң бұзған адамдарды ұстап беру және соталушыларды алмасу бойынша келісімшарт бұрыннан жұмыс істеп тұр. Ал Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне Бас прокуратура араласуы үшін әуелі Қытай соты шығарған үкім заңдық күшіне енуі керек. 

"Қытай Халық Республикасымен арада заңдық көмек, азаматтарды алмасу және ұстап беру шаралары бойынша келісімшарттың үш пакетіне де қол қойылған. Бүгінде ол елде сот процесі өтіп жатыр. Сот үкімі сотталушы тараптың шағым түсіруіне байланысты заңдық күшіне енген жоқ. Үкім заңдық күшіне енгеннен кейін және ол Қазақстанның өкілетті органдарына жүгінгеннен кейін, Бас Прокуратура мен Қытайдың өкілетті органы оның Қазақстан аумағында жазасын өтеуі үшін экстрадициялау жұмыстарын бастаймыз. Бізде ондай жағдайлар бар. Олар  бізге азаматтарымызды, біз  де оларға азаматтарын берген болатын. Қытай Халық Республикасының сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін-ақ, біз келісімдер аясында ұсыныс енгіземіз", – деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу