Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялауға қатысты түсініктеме берді

1557

Бас прокуратура Қытайда өмір бойына сотталған қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялауға қатысты түсініктеме берді

Белгілі болғандай, Қытай оны жазасын одан әрі өтеу үшін еліне экстрадициялаудан бас тартты.

"2020 жылдың 19 қазанында Бас прокуратураға сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдан Қазақстанға көшіру туралы жазбаша өтініш түсті. Сол күні Қытай тарапына тиісті сауал жіберілді. ҚХР Әділет министрлігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы жауабында Ақжарқын Тұрлыбайды оның өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілу себебінен Қазақстанға беруден бас тартылды", – деп жазылған Бас прокуратураның хабарламасында.

Дегенмен біздің тарап Тұрлыбайды Қазақстанға береді деген үмітін үзбейді. Бұл Қытай соты сотталушының жазасын қысқартып, оған нақты жылдар белгілеген жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу