Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару үшін келіссөзді қайта жаңғыртпақ

1123

Қазақстанның Бас прокуратурасы ҚХР-да өмір бойына бас бостандығынан айырылған студент Ақжарқын Тұрлыбайдың үкімі жеңілдетілген жағдайда оны елге экстрадициялау туралы келіссөздерді қайта бастайды, деп хабарлайды деп хабарлайды inbusines.kz порталы Интерфакс-Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап. 

Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару үшін келіссөзді қайта жаңғыртпақ

"Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің ақпараты бойынша Қытайдың қолданыстағы заңнамасына сәйкес Ақжарқын Тұрлыбайдың жаза мерзімін шамамен 2-3 жылдан кейін қысқартуға болады. Тұрлыбайға қатысты жаза жеңілдетілген жағдайда Бас прокуратура оны Қазақстанға ауыстыру туралы сұрау салуға тағы да бастамашы болады", - дейді Бас прокуратурадан.

Құзырлы орган елге оралған кезде Ақжарқын Тұрлыбай жазасын өтеуді жалғастыратынын атап өтті. Бұл ретте Қытай үкімін Қазақстанда қайта қарау мүмкін емес. Өйткені қытай тарапы өз үкімін өзгерту және оның күшін жою үшін юрисдикцияны сақтап қалады.

Бас прокуратураға 2020 жылдың қазан айында сотталған студент Қазақстанға ауысқысы келетіні туралы жазбаша өтініш түскен. Сол күні қытай тарапына тиісті сұрау жіберілген. Алайда ол кезде Қытай тарапы Ақжарқын Тұрлыбайды жазасын одан ары қарай өтеу үшін Отанына беруден бас тартқан болатын.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу