Бас прокуратура: Арандатушылық жасаған үш адам анықталды

1159

Қазір оларға қатысты Қылмыстық кодекстің "азаматтарды зорлық-зомбылыққа шақыру" бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған.  

Бас прокуратура: Арандатушылық жасаған үш адам анықталды

Қордайдағы жанжалды ушықтырып, арандату әрекетін жасағандардың кім екені анықталды, деп хабарлайды Atameken Business.

Әзірге 3 адам ұсталған. Бас Прокуратура бүгін осындай мәлімдеме жасап, көпшілікті фейк ақпарттарға ілеспеуге және таратпауға қатаң ескерту жасады. Себебі оның жазасы ауыр болмақ.

Бас прокурордың орынбасары  Болат Дембаевтың мәлімдеуінше, Қордайдағы теке-тіресті өршітіп, жұртты бас көтеруге шақырғандардың екеуі 30 және 33 жастағы Алматы қаласының тұрғыны. Арандату мақсатындағы үндеулерін фейсбукте жариялаған. Ал үшіншісі 37 жастағы тараздық. Ват-сап мессенджерінде келеңсіз мәлімдеме таратқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу