Бұл жоба төңірегінде алаяқтыққа да жол берілген. Енді млрд-тап бөлінген ақшаның әр тиынының қайда кеткенін Бас прокуратура тексермек. Десе де, балалардың қосымша білім алуын қаржыландыру жалғасады. Мұны Президенттің өзі айтты.
Үкімет жоба айналасындағы дау-дамайға қарамастан, ауылдық жердегі балаларға баса назар аударуы тиіс.
Үйірмелер мен секцияларға қатысатын бүлдіршіндердің саны 70 пайызға дейін артады. Енді нақты ғылымдар мен инженерия саласына көңіл бөлінеді. Балаларды дене шынықтыру және академиялық тұрғыдан бірдей дамыту көзделген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу