Бас прокуратура бизнеске қатысты 92 тексеруді заңсыз деп таныды

504

100-ге жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалды. 

Бас прокуратура бизнеске қатысты 92 тексеруді заңсыз деп таныды Фото: google

Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпкерлік субъектілерге қатысты тексерулерді ұйымдастыру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары тарапынан Кәсіпкерлік кодекстің 13-тарауының талаптары өрескел бұзылғаны анықталды.

Кәсіпкерлерді тексеру кезінде тексеру тағайындау туралы акті шығарылмаған, олар тиісті түрде тіркелмеген, тексеру сұрақтарынан тыс жүргізілген, тексерулерді жүргізудің мерзімдері сақталмаған, сондай-ақ тексерулерді тағайындау туралы актіде көрсетілмеген лауазымды тұлғалармен жүргізілген.

Мұндай жағдайларда тексеру нәтижелері заңсыз деп танылды.

Анықталған бұзушылықтар бақылаушы мемлекеттік орган тарапынан негізсіз қысым жасағанын білдіреді, бұл жағдай елдегі бизнестің дамуына кедергі келтіреді.

Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижелері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының 60-қа жуық лауазымды тұлғасы тиісті жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда осындай фактілерге жол бермеу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізілді.​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу