Бас прокуратура: Cепаратизмді насихаттағандар әзірге күдікті емес

537

Осы факті бойынша іс қозғалып, қазір 18 адамнан жауап алынып жатыр.

Бас прокуратура: Cепаратизмді насихаттағандар әзірге күдікті емес

Солтүстік Қазақстандағы сепаратизмді насихаттағандар қамалмақ түгілі, күдікті деп танылмаған. Тергеушілер қазір сараптама қорытындысын күтіп отыр екен. Бүгін Бас прокуратурадан осындай ақпарат алынды. 

Жадыңызда болса, 2 апта бұрын бір топ азамат "Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесі" құрылды" деп видео таратқан болатын. Бейнежазбадағы тұлғалар Қазақстанды "корпорация" деп атаған еді. Осы факті бойынша іс қозғалып, қазір 18 адамнан жауап алынып жатыр. Олардың үйлері мен жұмыс орнынан тәркіленген видеоларға сараптама тағайындалған. 

"Әзірше бұлтартпау шарасы, қамауға алынған жоқ. Сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Бұл жерде, тергеу барысында сараптаманың маңыздылығы керек. Себебі әр адамның айтқан сөзіне анықтаманы сарапшы береді бізге. "Еліміздің біртұтастығына нұқсан келтіре ме, жоқ келтірмей ме?" деген мәселені бізге сарапшы айтып береді. Баға негізінен берілді. Іс қозғалды. Ал енді біз жеке-жеке әрбір қатысушыларына қатысты олардың баптарын саралауымыз керек. Әрқайсысына қатысты", - дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу