Бас прокуратура Екібастұздағы апат бойынша тергеу амалдары қанша уақытқа созылатынын мәлімдеді

544

Бас прокуратура Екібастұздағы апат бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ол 2 айға дейінгі уақытты алмақ, деп жазады inbusiness.kz. 

Бас прокуратура Екібастұздағы апат бойынша тергеу амалдары қанша уақытқа созылатынын мәлімдеді Фото: Егемен Қазақстан

Бүгінгі таңда қылмыстық іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалған көрінеді.

"Павлодар облысының арнайы прокурорлары аталған істі қарап жатыр. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарының жүргізілгеніне 2 аптаға жуықтады. Апатқа кінәлі адамдардың бәрін анықтаймыз. Бұл іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Жақында толық ақпарат біле аласыздар"", - деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, тиісті жұмыстардан соң апаттың мән-жайы мен кінәлілер белгілі болады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу