Бас прокуратура экс-вице-министр Тимур Тоқтабаев ісін сотқа жіберді

426

Экс-шенеунікке лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылған. 

Бас прокуратура экс-вице-министр Тимур Тоқтабаев ісін сотқа жіберді

Антикор экс-Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевқа қатысты тергеуді аяқтап, істі сотқа жіберді. 

Тергеу мәліметінше, Тоқтабаев Қостанай облысындағы пайдалы қазбалардың ірі қоры анықталған.  "Шевченковское" кен орнын бәс сауда өткізбей-ақ үлестірген. Нақты айтқанда Никель және кобальт сынды пайдалы қазбаларға бай кен орны Тоқтабаевтың қол астындағы компанияға ең төменгі бағамен өтіп кеткен. Қоры 100 миллион тонна болатын кен 5,7 триллион теңгеге бағаланып отыр. Қазір кен толықтай мемлекет меншігіне кері қайтарылған. 

Айта кетейік, Тимур Тоқтабаев өткен жылдың қараша айында ұсталған болатын.

Тимур Тоқтабаев осы уақытқа дейін Антикор қармағына іліккен ең ірі фигуралардың бірі саналады. Ұсталғаннан кейін өзінен және туыстарынан хан сарайындай үйлер, жер учаскелері мен 5 қымбат автокөлік тәркіленген еді. Экс-вице-министр мінген машиналардың ішінде ең қымбаты –Мерседес майбах, бақандай 200 миллион теңге тұрады. Бентлиінің құны -140 миллион, екі бірдей БМВ Х5 102 млн теңгеге бағаланса, су жаңа Кадиллак эскаладтың бағасы 95 миллион теңге. Осылайша, Тоқтабаев тізгіндеген темір тұлпарлардың жалпы құны жарты миллиард теңгеден асып жығылады. 

Еске салсақ, ол лауазымын 4 жыл бұрын өз еркімен босатып, тасаға кеткен болатын. Тек 3 жылдан соң ұсталып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу