Бас прокуратура "алтынға" байланысты мәлімдеме жасады

800

Құзырлы орган жалған ақпараттарды таратпауға шақырады.

Бас прокуратура "алтынға" байланысты мәлімдеме жасады

Соңғы кезде әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жалған ақпараттарды тарату жағдайлары көбейіп кетті. Бас прокуратура азаматтарды жанжал тудыратын және қоғамдық тәртіпті бұзатын заңсыз әрекеттерге бармауға, атап айтқанда жалған ақпараттарды таратудан тартынуға шақырады.

Ведомство Арыс қаласында 350 тұрғынның хабар-ошарсыз кеткендігі және еліміздің жаңа ұлттық валюта – "алтынға" көшетіні туралы, сондай-ақ, жұртты дүрліктіретін өзге де ақпараттардың шындыққа сай келмейтінін хабарлады. Олардың қатарында Шығыс Қазақстан облысындағы жерлердің шетелдіктерге сатылғаны туралы да арандатушылық ақпараттар бар.

Бас прокуратура қоғамдық тәртіпті бұзатын немесе азаматтардың, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық көзделгендігін ескертеді. Мұндай әрекеттері үшін азаматтар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Жаппай тәртіпсіздіктерге арандатып, азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру үшін Қылмыстық кодекстің 272-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу