Бас прокуратура "Эпштейн файлдары" бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Әрине, бұл маңызды сұрақ. Депутаттың сауалы бізге әлі түспеді. Бұл мәселені бүкіл әлем талқылап жатыр. Бас прокуратура, басқа да құзырлы органдар бұл фактілерді тексеріп жатыр. Алдын ала тексеруді бастадық. Депутат Эпштейннің Қазақстанға келген-келмегенін тексеруді сұрады. Бұл бағытта тексерулер жүріп жатыр. Келімбетовтің барғаны-бармағаны да қосымша тексеріледі", – деді Берік Асылов.
Айта кету керек, бұған дейін депутаттар Мәсімов пен Келімбетовтің атышулы миллиардермен байланысын тексеруді талап еткенін жазғанбыз.