Бас прокуратура Ербаян Мұхтардың ісін толық өз өндірісіне алды – адвокат

83

Енді құзырлы орган барлық материалдарды жан-жақты қайта зерделемек.

Бас прокуратура Ербаян Мұхтардың ісін толық өз өндірісіне алды – адвокат Фото: коллаж: inbusiness.kz

Адвокат Инга Иманбай сарбаз Ербаян Мұхтардың ісі бойынша маңызды жаңалық айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бас прокуратура қылмыстық істі толық өз өндірісіне алып, барлық материалдарды жан-жақты қайта зерделейтінін мәлімдеді. Президенттің тікелей тапсырмасынан кейін бұл іске жаңа серпін беріліп отыр. Енді біз Ербаян Мұхтардың ісінде әділдік орнайтынына, ал Ербаянды осы күнге жеткізген кінәлі адамдардың жауапқа тартылатынына сенеміз", – делінген адвокаттың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты түсініктеме берген болатын. 

Айта кету керек, бұған дейін Ербаян Мұхтар Түркиядан Қазақстанға оралғанын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу