Бас прокуратура Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты пікір білдірді

291

Қылмыстық іс қозғалды. 

Бас прокуратура Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты пікір білдірді Фото: gov.kz

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Алматы әкімінің экс-орынбасары 56 жастағы Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ғалымжан Қойгелдиев болған оқиғаны кісі өлімі екенін растай алмайтынын жеткізді.

"Әзір ештеңе айта алмаймын. Бұл туралы енді ғана естідім", – деді ол Сенат кулуарында.

Бас прокурордың орынбасары қылмыстық іс адам өлімі дерегі бойынша қозғалған болуы мүмкін екенін айтты. Енді оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.

Айта кету керек, бұған дейін Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров кісі қолынан қаза тапқанын жазғанбыз. Ақпаратты Астана қалалық полиция департаменті растады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу