Бас прокуратура халықаралық шарттардың электрондық картасын әзірледі

445

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бас прокуратура халықаралық шарттардың электрондық картасын әзірледі Фото: gov.kz

Бүгінгі таңда 34 шет елмен қылмыстық-құқықтық салада (ұстап беру, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек, сотталған адамдарды беру туралы) 72 екі жақты шарттар мен келісімдер жасалған.

Жыл басынан бері Парламентте Франциямен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және Өзбекстанмен сотталған адамдарды беру туралы шарттар ратификацияланды.

Жақын арада Парламентте Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек және ұстап беру туралы шарттарды ратификациялау туралы заң жобаларын қарау күтілуде.

Перумен келісімдердің толық пакетіне, Египетпен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және Вьетнаммен сотталған адамдарды беру туралы шарттарға қол қою бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Швейцария үкіметтері арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою қарастырылуда.

"Жалпы атқарылып жатқан жұмыстардың мақсаты елдің сыртқы саясатының тұжырымдамасымен үйлестірілуде және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен тығыз өзара іс-қимылда жүргізілуде.

Қол қойылған халықаралық шарттар туралы ақпаратты оңай қабылдау мақсатында арнайы электрондық карта әзірленді, бұл қолданушыларға Бас прокуратураның қылмыстық-құқық саладағы шетелдік әріптестерімен және серіктестерімен өзара байланысы туралы ақпарат алуға көмек береді", - деп жазды Бас прокуратура.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу