Бас прокуратура Қ.Бишімбаевтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

988

Бас прокуратура көпшілікті көрінеу жалған мәліметтерді таратпауға шақырып отыр.  

Бас прокуратура Қ.Бишімбаевтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады Фото: Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Медиа-кеңістікте Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелеріне күмән келтіретін материалдар жариялануда. Мұндай мәліметтерді тарату оның нақты іс бойынша объективті және әділ сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі жасау мақсатында сотқа әсер ету нысаны ретінде бағалануы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 407-бабына сәйкес соттың қызметіне араласуға жол берілмейді және ондай әрекет үшін жазаланады. Көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Бас прокуратура барлық азаматтар мен БАҚ-тарды заңдылықты сақтауға шақырады, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудан және соттың қызметiне қандай да болмасын түрде араласпауды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу