Бұл туралы Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер спикерден "Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевтің сот ісі не болып жатыр?" деп сұрады.
"Бұған қатысты негізгі сот отырыстары жалғасып жатыр. Бұл жабық ақпарат. Толыққанды мағлұмат бере алмаймын", - деп жауап берді Ғалымжан Қойгелдиев.
Айта кету керек, Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиев Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу