Бас прокуратура қанша гектар жер заңсыз берілгенін анықтады

1020

Бүгінде прокуратура жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеріс жүргізуде.

Бас прокуратура қанша гектар жер заңсыз берілгенін анықтады

Елімізде 2,3 млн гектар жайылым жер заңнамасын бұза отырып берілген. Бұл туралы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Мәжілістің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура жайылым жерлерді бөлу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеріс жүргізіп жатыр. 

"Бүгінде прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып берілген жалпы аумағы 2,3 млн гектар болатын 3,5 мың жайылым учаскесін анықтады", – деп жазылған бас прокурордың Мәжіліс депутаттарына берген жауап хатында.

Ғизат Нұрдәулетов соңғы 3 жылда жалпы ауданы 12 млн гектар болатын 26,5 мың пайдаланылмай жатқан жайылым анықталғанын жеткізді.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауданы 3,6 млн гектар 2,4 мың учаске (кадастырлық құны 8,8 млрд теңге) мемлекетке қайтарылды. 4,6 мың учаскені игеру басталды. Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді бас прокурор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу