Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған тәртіп сақшылары туралы мәлімет берді

994

Қайғылы оқиға кезінде 19 құқық қорғау органының қызметкері бақилық болды.

Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған тәртіп сақшылары туралы мәлімет берді

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған құқық қорғау органының қызметкері туралы мәлімет берді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

 "Бүгінгі таңда Алматы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан қазіргі және болашақ 19 офицердің қазасының мән-жайы анықталды. Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қорғауға қатысқан қарусыз әскери қызметші, подполковник Хаировты өлтіру кезінде ерекше қатыгездік байқалды. Оның денесі ғимараттың шатырынан табылды. Күдіктілер қылмыс белгілерін жасыру үшін оның денесін өртеп жіберген", – деді Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу