Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары аяқталуға жақын

582

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер бойынша осы уақытқа дейін 1249 адам сотталды. Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.  

Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары аяқталуға жақын Фото: ulysmedia.kz

Бас прокуратура өкілі Қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің аяқталуға жақын екенін атап өтті.

"Қазіргі таңда 1249 адам сотталды. Олар ұрлық жасап, қару-жарақ тонаумен айналысқан, сонымен қатар тәртіпсіздіктерге қатысқан. 160 тұлғаға бас бостандығынан айырудың нақты мерзімі тағайындалды. Ал, қалғандарына жеңілірек жаза белгіленді", - деді ол.

Тимур Тәшімбаевтың айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімов пен ҰҚК өзге басшыларына қатысты іс сотқа жолданған. Олар "билікті басып алуға әрекеттенді, мемлекетке опасыздық жасады және билікті асыра пайдаланды" деп айыпталып отыр. Сондай-ақ бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектеновтың ісі де сотта көрінеді.

"Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облыстық ұлттық қауіпсіздік және полиция департаменттерінің бұрынғы басшыларына қатысты тергеу аяқталды. Азаптау деректері бойынша Алматы мен Талдықорған қалаларында ҰҚК мен ІІМ-нің 29 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс аяқталды. Соның ішінде 17 іс сотқа жолданды", - деді Тимур Тәжімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу