Бас прокуратура қаңтар оқиғасына қатысты тергеуге араласқандарға жаза қарастырылғанын ескертті

645

Заңға сәйкес қылмыстық істерді тергеуге кімдер қатыса алады? 

Бас прокуратура қаңтар оқиғасына қатысты тергеуге араласқандарға жаза қарастырылғанын ескертті

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов жеке тұлғалар әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы заңсыз талаптар қойып, қабылданған процессуалдық шешімдермен келіспегендіктен тергеуге қысым көрсету мақсатында қылмыстық істерді тергеу барысына араласатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осы ретте ол заңға сәйкес қылмыстық істерді тергеуге кім қатыса алатынын еске салды. Бұл – адвокаттар, қорғаушылардың заңды өкілдері, жәбірленушілер. 

"Тек солар ғана тергеу органының әрекетіне шағым түсіре алады. Сонымен қатар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормалары іс жүргізу шешімдеріне, сондай-ақ тергеу органдарының әрекеттеріне, оның ішінде мамандандырылған тергеу соттары арқылы шағымданудың нақты тәртібін белгілейді. Прокуратура органдары барлық қылмыстық істер бойынша қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететінін тағы бір рет атап өтемін. Бас прокуратураның қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысында құқық қорғау және арнайы органдардың қызметіне араласқандарға жауапкершілік қарастырылғанын атап өткім келеді. Тергеу барысына басқа тұлғалардың араласуы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көздейді", – деді Елдос Қилымжанов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу