Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасында қару ұрлаған, оны сақтаған 92 адам сотталды

742

Қаңтардағы оқиғалар бойынша сотқа барлығы 474 қылмыстық іс жолданған.

Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасында қару ұрлаған, оны сақтаған 92 адам сотталды

Қаруды ұрлау және сақтауға байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және соттылығын толық өтемеген 92 адам бас бостандығынан айырылды. Бас прокуратура өкілі Нұрлыбек Сәбитов осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Қаңтардағы оқиғалар бойынша сотқа барлығы 474 қылмыстық іс жолданды, олар бойынша 717 адам сотталды", - деп мәлімдеді Сәбитов.

Оның айтуына қарағанда, жаппай тәртіпсіздіктерге ұйымдасқан қылмыстық топтар, деструктивті діни ағымдардың мүшелері және бұрын сотты болған адамдардың қатысқаны анықталды.

Бүгінгі күні барлық қылмыстық істер бойынша 286 күдікті қамауда. 

"Олардың қиратуларға, ғимараттарды өртеуде, қаруларды жымқыруда, мемлекеттік объектілерге және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауда белсенді түрде қатысқандығы анықталған", - деп сенімді сөйлейді Сәбитов.

Оның айтуынша, тек арнайы прокурорлардың істері бойынша ғана 40 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу