Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасында көз жұмғандардың тізімі бүкіл фактілер анықталған соң жарияланады

590

Талдықорған қаласында 10 адам 18 жастағы қарусыз сарбазды сабап өлтірген. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасында көз жұмғандардың тізімі бүкіл фактілер анықталған соң жарияланады

Спикер Көктөбе мұнарасын қорғап қаза болған сарбаздар туралы мәлімет келтірді. 

"Алматы аудандық полиция басқармасы мен "Көктөбе" телемұнарасын қылмыскерлер басып алуға әрекет жасаған кезде қызмет борышы бойынша стратегиялық обьектілерді қорғаған қызметкерлер Қанбетов, Асылханов және Алмасовқа оқ тиіп қаза тапты", – деді Елдос Қилымбетов. 

Ал Талдықорған қаласында 10 адам 18 жастағы қарусыз сарбазды сабап өлтірген. 

"Талдықорған қаласы алаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде Ұлттық ұланның №5514 әскери бөлімінің мерзімдік қызметінің қарусыз әскери қызметшісі Амановқа 10 қылмыскер шабуыл жасаған. Қатыгездікпен ұрып-соғу салдарынан 18 жастағы Аманов көптеген дене жарақатын алған. Жас жігіт есін жимастан, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Қайғылы қаңтар барысында адамдардың қайтыс болуының барлық фактілері бойынша мұқият тергеу жүргізіп жатыр. Олардың қорытындысы дәлелдер анықталғаннан кейін жария етіледі", – деді Бас прокуратура өкілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу