Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты істің барысы жайында тілшілердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"ҰҚК тамыз айында іс тергеліп, күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатқанын хабарлаған. Осы орайда құжаттармен танысу біраз уақыт алуы мүмкін екенін бұған дейін де ескерткенмін", – деді Әсет Шындалиев.
Енді іспен танысу қанша уақыт алатынына қатысты сұраққа Шындалиев нақты жауап келтіре алмады.
"Мен нақты білмеймін. Барлығы адвокаттар мен айыпталушылардың белсенділігіне байланысты. Заң бойынша уақыт шектеулері жоқ", – деп түйіндеді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу