Бас прокуратура кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың ісі бойынша Жоғарғы Сотқа кассациялық наразылық берді, деп жазады inbusiness.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"Сіздердің Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты сот актілерімен келіспеу туралы өтінішіңіз қаралды. Сіздің өтінішіңіз бен қылмыстық іс материалдарындағы уәждеріңізді зерделеу нәтижесі бойынша Бас прокуратура 2023 жылғы 27 ақпанда сотқа Жоғарғы Сот сот актілерінің күшін жойсын деп кассациялық наразылық келтірді."
2022 жылы 5 шілдеде кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров 1 миллион доллар жымқырды деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкердің қамауға алынғаны 2021 жылдың шілдесінде белгілі болды. "AV Construction" ЖШС директорының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс элиталы вилланың сатылуына байланысты болды.
2022 жылдың 24 тамызында кәсіпкерге қатысты үкім өзгермегені белгілі болды.