Бас прокуратура: Қазақстан бойынша сайлауға қатысты 9 заң бұзу дерегі тіркелді

722

Бұл туралы Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда хабарлады. 

Бас прокуратура: Қазақстан бойынша сайлауға қатысты 9 заң бұзу дерегі тіркелді Фото: ortcom.kz

Дауыс беру процесі басталғалы бері үш облыста 9 заң бұзу фактісі тіркелді.

"Мониторинг кезінде сайлау туралы заңнаманы бұзуға қатысты 9 факт тіркелді. Олар Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарындағы сайлау учаскелерінде, Жетісу облысының Қаратал және Кербұлақ аудандарындағы сайлау учаскелерінде және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Жамбыл аудандарындағы сайлау учаскелерінде тіркелді", - деді А.Сарғазин.

Оның айтуынша, осы учаскелердегі сайлау комиссияларының мүшелері азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге жағдай жасаған. Осы арқылы олар сайлау заңнамасын бұзған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу