Бас прокуратура көмір бағасының көтерілу негізділігін тексеріп жатыр

653

Көмір бағасын себепсіз өсіргендер жазаланады.

Бас прокуратура көмір бағасының көтерілу негізділігін тексеріп жатыр

Қазақстанның бас прокуратурасы еліміздің ішкі нарығында көмір бағасының көтерілу негізділігін тексеріп жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Бас прокурордың тапсырмасы бойынша халықтың құқықтары мен мүддесін қорғау мақсатында көмір өндіру және оның айналымы саласындағы заңдылықтарға талдау жүргізілуде. Нарықтағы жосықсыз субъектілердің сөз байласу фактілерін анықтау және алдын алу жөнінде жұмыс басталды", - делінген хабарламада.
Ведомстводағылар көмір саудасы саласында жекелеген субъектілер тарапынан қатты отын құнының қымбаттауына себепкер болып отырған, атап айтқанда басымдыққа ие және монополиялық жағдайды асыра пайдалану, бәсекелік әрекеттерге қайшы келетін іс-қимылдарға бару және көпсатылы делдалдық құрылымдарды қолдану секілді жәйттер туралы ақпарат түсіп жатқанынын жеткізді. 
"Облыс прокурорларына жылыту маусымы қарсаңында және жылыту маусымы кезінде көмір бағасының бақылаусыз әрі негізсіз өсуіне жол бермеуді қамтамасыз ету тапсырылды", деп хабарлады бас прокуратура.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу