Бас прокуратура Михаил Козачковқа қатысты іске түсініктеме берді

505

Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Михаил Козачковтың қамалуына қатысты түсініктеме берді. 

Бас прокуратура Михаил Козачковқа қатысты іске түсініктеме берді Фото: baigenews.kz

"Негізінде ҚМА тарапынан толыққанды ақпарат болды және бізде баспасөз хабарламасын  тараттық.  Осы баспасөз хабарламасына қосарым, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратура процессуалды прокурорлар тобына жекелеген қоғамдық ұйымдар мен адвокаттардың мәлімдемесіндегі барлық дәйектерді толықтай зерттеуді тапсырды. Қазір, бұл топ осымен айналысып жатыр",  - деді Жандос Өмірәлиев.

18 желтоқсан күні белгілі журналист Михаил Козачковты Қаржы мониторингі агенттігі қамауға алған болатын. 

"Сол күні оның үйінде жұбайының қатысуымен тінту жүргізілді. Сот санкциясымен тінту куәгердің көзінше жүргізіліп, видеоға түсірілді. Қазір бұл қылмыстық іс бойынша Алматы қаласының прокуратурасы бақылау жүргізуде. Сонымен қатар, Бас прокуратура тарапынан арнайы прокурорлар тобына  бұл жағдайды  барынша әділ, ашық зерттеу тапсырылды. Қысқа мерзімде, бәлкім тіпті ертең, Бас прокуратура тарапынан қабылданған шешім туралы сіздерге хабарлайды", -  деді Жандос Өмірәлиев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу