Бас прокуратура олигополия меншігінен 398 мың гектар жер қайтарған

519

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес активтерді қайтару және олигополиямен күрес бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бас прокуратура олигополия меншігінен 398 мың гектар жер қайтарған, деп жазады inbusiness.kz.  

Бас прокуратура олигополия меншігінен 398 мың гектар жер қайтарған Фото: eldala.kz

Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаевтың айтуынша, арнайы комиссия жұмысы нәтижесінде мемлекетке 631 млрд теңге қайтарылған.

"400 млн доллар қылмыстық қудалау шеңберінде шетелден қайтарылса, олигополия меншігінен 398 мың гектар жер қайтарып алынды. Оның бағасы 6,5 млрд-тан аса теңгені құрайды. Бас прокурор олигополия пайдасына кеткен сот шешімдеріне наразылық енгізіп, Жоғарғы сот 17 сот актісінің күшін жойды. Нәтижесінде 600-ден аса темір жол тупиктері қайтарылып, жол жүру тарифтері төмендеді. 21 млрд-тан астам сомаға мемлекет мүддесі қорғалды. Заңсыз алынған мемлекеттік нысандарды қайтару бойынша берген алты талап-арыз қанағаттандырылды", - деді ол брифингте.

Спикердің айтуынша, Қазақстан қылмыстық жолмен алынған табыс пен активтерді қайтаруда шетелдік әріптестерін белсенді тартуда. Еліміз бұл бағытта 34 елмен шарт жасасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу