Бас прокуратура: Сайлау процесі заңдылығының сақталуына қадағалау жалғасуда

677

ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Азамат Сарғазиннің айтуынша,  прокуратура органдары сайлау процесі заңдылығының қамтамасыз етілуіне жоғары қадағалау жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz. 

Бас прокуратура: Сайлау процесі заңдылығының сақталуына қадағалау жалғасуда Фото: ortcom.kz

"17 наурызға дейін прокурорлар Мәжіліс депутаттарының сайлауы бойынша 24, мәслихаттар бойынша 13 заң бұзу дерегін тіркелді. Кінәлілер әкімшілік жазаға тартылды. 17-18 наурыз күндері прокурорлардың шаралары бойынша сайлау заңнамасын бұзғаны үшін тағы 7 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Олардың ішінде үшеуі Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша екенін атап өту керек", - деді спикер Qazaqstan телеарнасында өтіп жатқан онлайн телемарафоны барысында.

Азамат Сарғазиннің сөзінше, 17 наурыз күні Оралда "Сайлау туралы" заңның талаптарын бұзып, сауалнама жүргізген баспа басылымының меншік иесіне айыппұл салынған.

"18 наурызда Түркістанда Мәжіліс депутаттағына үміткерлердің біріне анонимдік үгіт материалдарын таратқаны үшін ОСК келісімімен  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 113-бабы бойынша 125 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Алайда бұл оның тіркеуінің күшін жоюға әкелмейді", - деп түсіндірді ол.

Бас прокуратура өкілінің айтуынша, заңсыздықтар Солтүстік Қазақстан облысында, Атырауда, Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбеде, Қарағандыда да тіркелген.

"Сайлау науқаны басталғаннан бері Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлауын өткізуге қатысты прокуратура органдарына 113 өтініш келіп түсті. Негізінен бұл жекелеген құқық бұзушылықтарды сыбайлас жемқорлыққа жатқызу туралы түсіндіру беру жөніндегі мәселелер болды. Оның 63-і бойынша арыз иелеріне түсіндіру сипатындағы жауаптар берілсе, 36 өтініш өкілетті органдарға жолданды. Ал, 14-іне бас тарту сипатындағы жауап берілді", - деді Азамат Сарғазин.

Бас прокуратура өкілінің сөзінше, Мәслихат депутаттары сайлауын өткізу бойынша 212 өтініш келіп түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу