Бас прокуратура саунада жүрген судья мен прокурор туралы бейнежазбаға қатысты жауап берді

780

Қадағалаушы орган тексеру аяқталғанға дейін алдын ала қорытынды жасамауды сұрайды.

 Бас прокуратура саунада жүрген судья мен прокурор туралы бейнежазбаға қатысты жауап берді

Әлеуметтік желілерде саунада демалып жүрген прокурор мен судья туралы видео таралып кетті. Бейнежазбадағы басты кейіпкер өздерін "опгшниктер" деп атап, жақсылап демала алатындарын айтып, мақтанған. Осы видеоға қатысты Бас прокуратура жауап берді.

"Аталған факті бойынша Бас прокуратураның Ішкі тергеп тексеру департаментімен тексеру жүргізуде. Тексеру аяқталғанға дейін алдын ала қорытынды жасамауды сұраймыз. Оның нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады",– деп жазылған органның хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу