Бас прокуратура: Шеруге шыққандар қатаң жазаға тартылады

1082

Еліміздің бас прокуратурасы өздерінің ресми сайттарында осындай ақпаратты жариялады.  

Бас прокуратура: Шеруге шыққандар қатаң жазаға тартылады

Карантин кезінде митингке шыққандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Atameken Business.

6-шы маусымда елімізде "Бейбіт жиындар" туралы заңда күшіне енеді. Оған сәйкес ұйымдастырушы 5 күн бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлауы тиіс. Оның ұсынысы 3 күнде қаралып, жауап келуі керек. Ал көшеде наразылық шеруімен жүріп өткісі келгендер, әкімдікке 10 күн бұрын айтулары қажет. Бұдан бөлек, әр өңірде мұндай жиындар үшін арнайы орындар болуы шарт.

Митингке шығатын мықтылардың мысын баспақ болды ма, әйтеуір елімізді бас прокуратурасы шеруге шыққандарды аямаймыз депті. Жауапты ведомство өздерінің ресми сайтында карантин кезінде көше кезгендерді қатаң жазаламақ. Ал статистикасы күн сайын ұлғайып жатқан қауіпті дертті жұқтырып алса немесе жұқтырса тіпті қылмыстық  жауапкершілікке де тартпақ ойы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу